Тоқаев пен Ердоған бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТелефонный разговор Токаева и Эрдогана
Телефонный разговор Токаева и Эрдогана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 сәуір - Sputnik. Телефон арқылы сөйлескен мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.
Қазақстан президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
Әңгіме барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.
Жаңалықтар
0