Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әуе шабуылынан қорғана алмасақ, Украина экономикасы құлдырайды – Кулеба

© Photo : Facrbook / Dmytro Kuleba Дмитрий Кулеба
Дмитрий Кулеба  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Киев әуе шабуылына қарсы жаңа қорғаныс жүйелерін алмаса, Украина экономикасы құлдырайтынын айтты.
"Егер біз әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін алмасақ, экономикамыз құлдырайды", - деді Украина сыртқы істер министрі LBC радиосына берген сұхбатында.
Кулеба 10 сәуірде дипломатия нәтиже бермегенін, енді ол Батыстан Patriot әуе қорғаныс жүйесін қатаң талап етуді жоспарлап отырғанын айтты.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы Ресеймен қақтығысқа тікелей қатысуда. Кремльдегілер Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөз жүргізуге кері әсер етеді деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0