Видео

Еуразиялық кітап көрме-жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша дөңгелек үстел

Жазылу
"Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Мұнда белгілі жазушылар, сыншылар мен баспагерлер "Eurasian Book Fair" VII Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің қорытындысын талқылайды. Тікелей эфирді көріңіздер!
Көрме Астанада 17 мен 21 сәуір аралығында өтіп жатыр. Ресейдің кітап одағы көрмеге 40 ресейлік баспаның 400 туындысын қойды.
Еуразия кеңістігі аясында баспалардың ынтымақтастығы қалай дамып жатыр? Кітап басып шығару саласында бірлескен жобалар бар ма?
Жазушы болу оңай ма? Электронды кітап па, әлде қағаз кітап жақсы ма?
Осы және өзге де сұрақтарға кездесу қатысушылары жауап береді.
Спикерлер:
Жұмағұлов Берік Нығметжанұлы, көрме ұйымдастырушысы;
Богданова Вера Олеговна, РФ жазушысы;
Вагнер Яна Михайловна, РФ жазушысы;
Джафаров Рагим Эльдароглы, РФ жазушысы;
Ломыкина Наталья Юрьевна, әдебиет сыншысы және кітап шолушысы, РФ;
Воробьёв Константин Павлович, Россотрудничествоның Астанадағы өкілі.
Жаңалықтар
0