Қоғам

Қырғызстанда іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2024
Жазылу
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі жазадан құтылу үшін 2023 жылы бақылау-өткізу бекеті жоқ жерден шекарадан заңсыз өтіп, Қырғызстанда жасырынып жүрген
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықтың ұсталғанын хабарлады.
Комитетке ел аумағында шетелдік азаматтың жасырынып жүргені туралы ақпарат түскен. Күштік құрылымдар оны анықтады.
"1990 жылы туған Қазақстан азаматы анықталып ұсталды. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары оған 2022 жылы қараша айында халықаралық іздеу салған", - делінген ресми хабарламада.
Ұсталған ер адам жазадан құтылып кету үшін 2023 жылы бақылау-өткізу бекеті жоқ жерден шекарадан заңсыз өтіп, Қырғызстанда жасырынып жүрген. Ол ауыр қылмыстар үшін айыпталған. Соның ішінде қарақшылық та бар.
Қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі қамауға алынды. Тергеу шаралары басталды.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2024
Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды
Жаңалықтар
0