Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қосымша 553 мың теңгеден төленеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
Бұған дейін зардап шеккен әрбір отбасыға 100 АЕК (369 мың теңге) мөлшерінде біржолғы өтемақы берілді
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 100 АЕК-ке қосымша тағы 150 АЕК өтемақы төленеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілгенін атап өтті. Кеше премьер тиісті қаулыға қой қойған.
"Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін (553 800 теңге) төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады", - деді Бектенов үкімет отырысында.
Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары да өтеледі.
Үкімет басшысы қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды.
"Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін", - деді ол.
Айтуынша, кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілмеген. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркеліп жатыр.
Осыған байланысты Бектенов ТЖ министрлігіне әкімдіктермен бірге су тасқынына байланысты жағдайға бақылауды күшейтуді, қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді тапсырды.
"Қайталап айтамын, керек болса, мәжбүрлі түрде көшіру қажет", - деді премьер.
Сондай-ақ ол әкімдіктерге су басқан үйлерді, ғимараттар мен нысандарды техникалық тексеруді тез арада аяқтауды тапсырды.
Деньги тенге монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Тасқыннан зардап шеккен әр отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы беріледі
Жаңалықтар
0