Қостанай облысында мал шығыны үшін 113 млн теңге өтемақы төленді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Жазылу
Мұнда су тасқыны салдарынан мал өлімі 981 басты құрады
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы – төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, мал шығыны үшін ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне құнын өтеуді жүзеге асырған республикадағы алғашқы облыстардың бірі.
Мұнда су тасқыны салдарынан мал өлімі 981 басты құрады. Бұл ретте 780 бас малдың бағалау есептері дайындалып, оларға 113 млн теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде Амангелді ауданында - 246 бас малға 46,4 млн теңге, Жангелдин ауданында - 35 бас малға 10 млн теңге, Арқалық қаласында - 499 бас малға 56,9 млн теңге төленді. Бұл жайлы Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Бекет ОКҚ алаңында хабарлады.
Төлемдер ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген су тасқынынан шығын болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Алгоритмге сәйкес, мал өлексесінің бар-жоғына, құлағындағы сырғаның бар-жоғына қарамастан, егер мал "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" базасында тіркелген болса, бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеу қамтамасыз етіледі.
"Мал иесінің ауызша айтуы бойынша шығын болған малдардың тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда, 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының су тасқынынан болғаны туралы комиссиялық акті жасалынады және утилизация туралы акті жасалады. Сондай-ақ мал өлексесі бар болып, бірақ құлағында сырғасы болмаса немесе мал өлексесі табылмаса және "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" базасында тіркелмеген болса өтемақы басқа қаржы көздерінен қамтамасыз етіледі", – деді спикер.
Барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар құрған комиссия, мал иесінің ауызша айтуы бойынша шығын болған малдарды анықтау үшін кемінде 3 куәгерді тарта отырып, сондай-ақ ТЖ бөлімшелерінен су басу туралы растай отырып, салыстырып тексеруді және тиістілігін анықтауды қамтамасыз етуі, қажет болған жағдайда одан әрі утилизация жасап және өлімнің комиссиялық актісін актісін жасауы қажет.
Жаңалықтар
0