Түркістан облысында оқушы қызды бірнеше жігіт зорлады: полиция ақпаратты жоққа шығарды

© Photo : КУИС МВД РКМВД Казахстана (нашивка)
МВД Казахстана (нашивка) - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2024
Жазылу
Қабденовтың айтуынша, жалған ақпарат таратушылар анықталатын болады
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Желіде Түркістан облысында оқушы қызды бірнеше жігіттің зорлады деген ақпарат тарады. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қабденовтың айтуынша, жалған ақпарат таратушылар анықталатын болады. Оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады.
"Желіде Төлеби ауданы Зағамбар ауылында болған оқиға туралы ақпарат таралуда. Бұл - жалған. Оқушы қызды бірнеше жігіт зорлады және ол жүкті деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Мұрат Қабденов.
Оның айтуынша, 24 сәуірде кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданады.
Жаңалықтар
0