Дүние-мүліктен айырылып қалмау үшін қандай құпиясөзді пайдаланған жөн

© Photo : Пресс-служба правительства для гражданЗейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
Жазылу
Хакерлер электронды қолтаңба кілтін бұзса, жеке не заңды тұлғаның атынан қандай да операция жасап, тіпті дүние-мүлкін иемденіп кетуі мүмкін
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір жылда электронды цифрлық қолтаңба 20 млн рет беріледі.
Себебі 16-ға толған азаматтардан бастап, зейнеткерлер мұндай қолтаңбаны жылына бірнеше рет ауыстыруы мүмкін.
Цифрландыру саласындағы бұл өнім елімізде 2006 жылы енгізілген. Алғашында мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымында қолданылды. Араға екі жыл салып электронды үкімет порталы халыққа цифрлық қолтаңба көмегімен алғашқы қызмет түрлерін көрсете бастады.
Хакерлер электронды қолтаңба кілтін бұзса, жеке не заңды тұлғаның атынан қандай да операция жасап, тіпті дүние-мүлкін иемденіп кетуі мүмкін. Сондықтан құпиясөздің неғұрлым күрделі болғаны дұрыс. Яғни бас әріп, кіші әріп, бірнеше сан мен арнайы белгілерді қойған жөн.
Дәл осы электронды қолтаңбаның қауіпсіздігіне қатысты ұлттық ақпараттық технология акционерлік қоғамына күн сайын бірнеше өтініш кеп түседі екен.
"Иә, бізге жеке және заңды тұлғалар тарапынан мұндай өтініштер жиі түседі. Әдетте олар е-өтініш платформасы арқылы бізге жіберіледі. Көбіне тұтынушылар құпиясөзге қатысты сауалдарды жиі жолдайды. Электронды кілтті ұрлаған немесе біреулер заңсыз жолмен иемденген жағдайда хабарласады. Әрбір деректі жеке қарастырған соң, тұтынушыға жауап береміз", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Ашық кілттер инфрақұрылым департаментінің директоры Айрат Хайрулин.
30 сәуірден кейін электронды цифрлық қолтаңба жаңа форматқа ие болды. Бұған Қазақстанның жаңа криптографиялық стандартына ауысуы себеп. Осыған байланысты енді жеке және заңды тұлғаларға электронды цифрлық қолтаңбаның бір ғана кілті беріледі.
ХҚКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
"Бір ғана кілт беріледі": электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгереді
Жаңалықтар
0