21:00 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Кветтегі полиция дайындық орталығы

Пәкістандағы теракт: ИМ жауапкершілікті мойнына алды

© REUTERS / Naseer Ahmed
Азияда
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Террористтер орталықты "Калашников" автоматы және гранаталармен басып алып, 200 адамды тұтқынға алған.

АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Пәкістанда полиция академиясына шабуыл жасалынды, нәтижесінде 59 адам қаза тапты. Террорлық топ "Ислам мемлекеті" болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойнына алды деп хабарлайды РИА Новости Reuter агенттігіне сілтемемен. 

Бұдан бұрын шабуылды "Талибанға" байланысы бар топ "Лашкар-е Джангви" жасаған деген болжам айтылған болатын. 

Қаруланған үш адамнан тұратын топ дүйсенбі күні кешке Кветте полицияның 600 кадетке арналған дайындық орталығына шабуыл жасаған. Білім беру мекемесінен атылған оқ дыбысы, жарылыс естілгендігі хабарланған. Террористтер орталықты "Калашников" автоматы және гранаталармен басып алып, 200 адамды тұтқынға алған. 

Басты тақырыптар