Әлем

Гульнара Каримованың өлімі туралы жаңалық өтірік болып шықты

© Sputnik / Валерий Левитин / Медиабанкке өтуГульнара Каримова
Гульнара Каримова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гульнара Каримованы улау туралы ақпарат өтірік болып шықты

АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы  Гульнара Каримова тірі, деп мәлім етті РИА Новостиге сейсенбіде Каримовтер отбасының айналасына жақын дереккөз. 

Ислам Каримов - Sputnik Қазақстан
Ташкент мешіттерінің біріне Ислам Каримовтің есімі беріледі

Бұдан бұрын БАҚ-тар Өзбекстанның арнайы қызметіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Каримова 5 қараша күні уланудан көз жұмып, Ташкент қаласында "Минор" мазарына жерленді деп хабарлаған. 

"Гульнара Каримова тірі, оның өлімі туралы ақпарат өтірік", — деді агенттікпен әңгімелесуші. Ол оның мекен жайы туралы ақпаратты нақтылаудан бас тартты. 

Екінші қыркүйекте 78 жасында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов инсульттен көз жұмды. Республика басшысының уақытша мінетін атқарушы болып, премьер-министр Шавкат Мириеев тағайындалған. 


Жаңалықтар
0