Әлем

РФ үкімет мүшелері Сколководағы форумнан қауіпсіз жерге көшірілді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСоколоводағы "Открытые инновации" (Ашық инновациялар) форумының жұмысы бөлінді
Соколоводағы Открытые инновации (Ашық инновациялар) форумының жұмысы бөлінді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір түрлі дыбыстар Сколководағы "Открытые инновации" (Ашық инновациялар) форумының жұмысын бөлді

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Сколководағы "Открытые инновации" (Ашық инновациялар) форумының алаңдарының бірінде шыққан гүріл жалпы отырыстың жұмысын бөлді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі. 

Кейіннен ұйымдастырушылар, жағдай дыбыстық жабдықтың істен шығуынан орын алды деп хабарлаған. Бірнеше гүрсіл естілген соң жүргізуші қауіпсіздік мақсатында форум қонақтары мен қатысушыларға залды босатуды ұсынды. Эвакуация кезінде залда Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев, вице-премьер Аркадий Дворкович, үкімет мүшелері мен кәсіпкерлер болған.

Кедергі форумның жұмысына әсерін тигізген жоқ. Дүрсіл форумның көптеген алаңдарының бірінде ғана естілген. Қатысушылар штаттан тыс орын алғанын бірден түсінген жоқ. Дүрбелең болған жоқ. Сессияға қатысушылар ғимараттан сабырлы шықты. Кейіннен арнайы хабарлаудан кейін барлғы қайтадан өз орындарына оралды. 

Жаңалықтар
0