20:58 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
РФ экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев

Ресей Экономика министрі парамен ұсталды

© Sputnik / Илья Питалев
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Алексей Улюкаевқа "Роснефтьке" "Башнефтьтің" акцияларын сатып алу бойынша мәміле жасауға көмек көрсеткені үшін екі миллион АҚШ долларын алды деген күдік келтіріліп отыр.

АСТАНА, 15 қар — Sputnik. РФ экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев пара алу үстінде ұсталды, деп жазады РИА Новости.

"Әңгіме "Роснефть" өкілінен қорқытумен ұштасқан пара бопсалауда болып отыр", — деді РИА Новостиге РФ Тергеу комитетінің БАҚ-пен өзара әрекетесу басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Светлана Петренко. 

"Улюкаев пара алу үстінде ұсталды", — деп атап өтті РФ ТК өкілі. 

Бұдан бұрын РФ ТК Ресей ФҚҚ өткізген оперативті шаралар кешенінің қорытындылары бойынша экономикалық даму министрі Улюкаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлаған.  

РФ ТК ақпаратына сәйкес, қылмыс мән-жайлары "Роснефть" ҰК-ға "Башнефтьтің" 50% көлеміндегі мемлекеттік пакетін сатып алу бойынша мәміле жасауға мүмкіндік туғызған Экономика даму министрлігінің оң баға бергені үшін 2016 жылғы 14 қарашада екі миллион АҚШ долларын алумен байланысты. 


Басты тақырыптар