20:59 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
метеорит

Хакасиде метеориттің құлауын бейнеге түсірген

© Sputnik / Владимир Астапкович
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Метеорит ресейлік Хакасиге құлады, жер бетіндегі нысандарға зиян келтірген жоқ.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Болжам бойынша метеорит секілді аспан денесі Саяногорск қаласыны маңына құлады, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ТЖ комитетіне сілтеме жасай отырып. 

Оқиға сағат 18.37-де (Астана уақытымен) орын алды. Бұл құбылыстың куәгерлері бейнені әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. ТЖМ өкілдерінің түсіндіруінше, аспан денесі болжамға сәйкес атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жер бетіндегі нысандарға ешқандай зиян келтірген жоқ.

Жергілікті тұрғындар да елеулі әсер байқамаған. Алайда мамандар тобы метеориттің жеке элементтері түсі мүмкін Бабик алқабына кетті. Хакасия және Юга Красноярский тұрғындары бұдан бұрын "аспандағы жарық" қыбылысы туралы хабарлаған.

Куәгерлердің бірі бұл құбылысы былай деп сипаттады: "Қалай жеткізерімді білмеймін: менің басымның төбесіндегі кішкентай нүктеден ол көліктен үлкен шарға айналды!"

Метеориттің құлауынан болған жарқылдақты қатты болғаны сонша, оны Саяногорскіден 80 шақырым жерде орналасқан астананың Абакан өңірінің тұрғындары көрген.


Басты тақырыптар