Әлем

Ресейде құлаған Ту-154 ұшағының сынықтары табылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалып кеткен Ту-154 ұшағының бөліктері Сочидің Қара теңіз жағалауынан 1,5 шақырымдай қашықтықта табылды

АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Жоғалып кеткен Ту-154 ұшағының бөліктері Сочиде Қара теңіз жағалауынан бір жарым шақырымдай қашықтықта, 50-70 метр тереңдікте табылды деп хабарлайды РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің Александров атындағы ән және би ансамблі - Sputnik Қазақстан
РФ-да жоғалып кеткен ұшақтың бортында Александров атындағы ансамбль мүшелері болған

"Сочи қаласының Қара теңіз жағалауынан 1,5 километрдей қашықтықта 50-70 метр тереңдікте Қорғаныс министрлігі Ту-154 ұшағының бөліктері табылды", — делінген хабарламада.

Сириядағы Латакия қаласына ұшып бара жатқан ұшақтың бортында сегіз экипаж мүшесі мен 83 жолаушы болған, олардың арасында Қорғаныс министрлігі Александров атындағы ән және би ансамбілінің әртістері мен "Первый" және "Звезда" телеарналарының тоғыз тілшісі болған.

Жаңалықтар
0