20:59 16 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Отырыс

Ресей азаматтарына Қазақстаннан әкелінген арақ деп метил спиртін сатылған

© Sputnik / Алексей Куденко
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
20 0 0

Метил спиртінен уланса, адамның бүкіл ағзасына зақым келеді.

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Ресейдегі Оренбург облысында ішімдіктен улану оқиғасы тіркелген деп хабарлайды облыс басшылығы порталы.

Оренбург облысының билік өкілдері соңғы күндері өңірдің бірнеше тұрғынының суррогат ішімдіктен улануын анықтауда. Улануға себеп болған сусынның арасында контрафактілік ішімдік бар, ол адамның бүкіл ағзасына зақым келтіретін метил спиртінен жасалады.

Қазақстаннан әкелінген арақ және Whisky деп алдап азаматтарға метил спиртінен жасалған тұнба сатылған. Суррогат "Вискиден" уланған жандар қайтыс болды.

Бұдан бөлек, 19 желтоқсан күні құрамында спирт бар "Боярышник" лосьонынан жаппай улану болған. Құрамына метил спирті мен антифриз кіретін ерітіндіден 25 желтоқсанда 75 адам көз жұмды, ондаған адам емделіп жатыр, олардың жартысының жағдайды өте ауыр.

Басты тақырыптар