Әлем

Мәскеу Путинге тіл тигізген Fox News телекомпаниясының кешірім сұрауын күтеді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуРесей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков
Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кремлдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегендей, Владимир Путинді "қанішер" деп атаған америкалық тілші кешірім сұрауға тиіс

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Кремль Fox News телекомпаниясы тілшісінің РФ президенті Владимир Путинге тіл тигізуіне байланысты кешірім сұрауын күтеді деп мәлімдеді Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков деп жазады РИА Новости.

Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Әлем
Путин тағы да әлемдегі ең беделді адам атанды

Fox News тілшісі Путинді "қанішер" деп атаған.

"Fox News тілшісі  тарапынан мұндай сөздерді орынсыз тіл тигізу деп қабылдаймыз. Шындығын айтқанда, осындай құрметті телекомпанияның президенттен кешірім сұрағанын қалаймыз", — деп мәлімдеді  Песков тілшілерге.

Fox News телеарнасының жүргізушісі Билл О'Рейлиге берген сұхбатында Трамп Ресей президентін құрметтейтіндігін айтты. Тілші Батыстың Мәскеу мен Путинге таққан айыптарын еске салғанда, америкалық лидер "Қалай ойлайсыз? Біздің ел сондай аңғал ма?" деп қарсы сұрақ қойды. Трамптың айтуынша, АҚШ-тың Ресеймен "дос болғаны жөн". Оның сөзіне сүйенсек, Мәскеу АҚШ-қа ИМ-не қарсы күресте көмек көрсетсе, "жақсы" болар еді. Алайда Дональд Трамп Путинмен тіл табыса ала ма, жоқ па білмейді екен.

Жаңалықтар
0