Әлем

Қырғызстанда парламенттік оппозиция жетекшісі ұсталды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуОмурбек Текебаев
Омурбек Текебаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстандық парламентарий Омурбек Текебаевқа сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр.

АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Қырғызстанда парламенттік "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаев ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан республиканың Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасай отырып. 

Қырғызстан қауіпсіздік органдарына Ресейдің бірқатар телекоммуникациялық компанияларының иесі, РФКП фракциясының мүшесі Леонид Маевскийдің жазбаша арызынан кейін Текебаевқа жемқорлық пен алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отырғаны хабарланады. 

Оның ақпаратына сәйкес, Текебаев оған MegaCom сатып алуға көмектесуі үшін бір миллион АҚШ долларын алған екен. 

Текебаев Стамбулдан ұшып келген бойда ұстаған. Ол Венада өткен ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының сессиясына қатысуға барған.


Жаңалықтар
0