03:34 22 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Районы фильмінің актерлері

Сатаевтың жаңа фильмі: жастар туралы "Рэкетир"

© Foto: Официальная страница фильма "Районы" в Facebook
Сараптама
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Қазақстандық прокатта бірегей жағдай – кинотеатрларда отандық режиссер Ақан Сатаевтың бірден екі фильмі көрсетіліп жатыр.

Көреремендер Алматыда Анаға апарар жол фильмінің актерлерін күтуде
© Foto: Пресс-служба АО "Казахфильм" им. Ш.Айманова
"Анаға апарар жол" — Ауқымды мемлекеттік тапсырыс, ел өмірінің бірнеше онжылдығын қамтитын картинаның экрандардан түспей жатқанына бірнеше ай болды. Жақында жаңа "Районы" картинасының тұсау кесері өтті. Ол жерде Сатаев өзіне жақын жанр криминалдық драмаға оралады. Бірақ "Рэкетир", "Ликвидатор" "Рэкетир 2" мен салыстырғанда бір түбегейлі ерекшлік бар. Сапасына келер болсақ, сол бұрынғы Сатаев. Бірақ идеялық тұрғыдан режиссер алғаш рет өзіне қайшы келген секілді. 

Моральден шындыққа 

Сатаевтың алдыңғы фильмдерін аса… "туралық" үшін жиі сынайтын. Әрекеттер барысында немесе финалда көбіне сөз таластыруға келмейтін  мораль шығарылатын, әйтсе де ол пікірталасқа аз кеңістік қалдыратын. Бұл Сатаевтың фильмдерін нашар етпейтін, оларды әдепке үйретушілікке  әкетпейтін, бірақ режиссердің өзіндік адамгершілік манифестерімен қамтитын. "Заблудившийся", "Ликвидатор", "Рэкетирде" солай болатын. "Районы" фильмінде "алдында дайындалған ұстанымнан" күтпеген шегіну болды.  Сатаевтың жаңа жұмысы – криминал мен тиісті өмір сүру салты ашық түрде романтизацияланатын алғашқы жұмыс. Оқиға 30 жыл бұрын орын алған болса да, кейіпкерлердің әрекеттеріне деген көзқарас асқан сағынышпен фильмнің шырайын келтірген. 

Түсірме, сюжет, 80-жылдардағы Алма-Ата 

1987 жылғы күз, Алма-Ата  орталығындағы мектептердің біріне жаңа оқушы – Әрсен келеді. Оның әкесі, кеңес әскерінің офицері Ауғанстанда қаза табады. Ал оның отбасы өтемақы ретінде республика астанасының "алтын шаршысында" пәтерге ие болады. Мектепте дзюдо үйірмесіне қатысатын Әрсен осы аудан, Театралканың жастар "қанатының" көшбасшыларымен танысып, жергілікті жасөспірімдер арасына тез сіңісіп кетеді. Жергілікті жігіттер арасында өзіне тұра алатын және төбелестен қайтпайтындар бағаланады. Нәтижесінде анасы жоғары оқу орынының студенті болғанын қалаған жоғары сынып оқушысының өмірі түбегейлі өзгеріп: оның өміріне ішімдік, анаша және аудандар арасындағы қақтығыстар кіреді.

Мен Алматыда туып-өсіп, бүкіл өмірімді өткіздім, 1987 жылы мен алтыда болатынмын, сондықтан "райондық әрекеттер" өршіп тұрған кезде, мені айналып өтті. Бірақ ол кезде басы қатсында болып қана қоймай, оған тікелей қатысқан көрермендер сол секілді болған дейді. "Районыға" қатысты стильдеу тұрғысынан, шынында да ауқымды жұмыс жасалған. Әсіресе натурадан түсіруге келер болсақ. Отыз жыл ішінде қала шын мәнінде толық өзгерді. Сатаевтың тобымен бірге мұндай жағдайда 1980-ші жылдардағы Алма-Атаны қалай түсіргені үлкен сұрақ.  

Ресейлік режиссердің "Елбасы жолы" эпопеясының "Жұлдыздар тоғысқанда"  деген соңғы бөліміндегі шалалықпен салыстырғанда "Районыда" айқын олқылықтар жоқ. Барлық заманауи  ғимараттар мұқият өңделген немесе сценалар, олар кадрға кірмейтін етіп түсірілген. Кеңестік замандағы автокөліктер, жиһаздар мен тұрмыс заттарын әзірге табу қиын емес. Ал көшелермен  ЗиУ (оның "туыстарының" металлоломға жөнелгеніне он жыл болды) троллейбусының жүріп өтуін түсіру тобының ерлігіне теңеуге болады.  Иә, кей жерлерде заманауи орындықтар, пластик терезелері өтеді, бірақ, қайталап айтамын, ескі Алма-Атадан іс жүзінде ештеңе қалмаған кезде 1980-жылғы идеалды қаланы түсіру, қайта соққаннан кейін ғана мүмкін болар еді. 


Басты тақырыптар