Маман Су-27 апаты туралы: пилоттар басқа амалы қалмағанда ғана катапульталанады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСу-27
Су-27 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе инженері Валерий Стешенконың пікірінше, Қазақстандағы Су-27 апатына техниканың істен шығуы себеп болған.

АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Ұшқыш әуе техникасы істен шыққанда ғана катапульталануға шешім қабылдайды деді запастағы полковник, әуе инженері Валерий Стешенко Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Су-27 - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР бас әскери прокуратурасы Су-27 апатын тергеумен айналысады

"Ұшқыш катапульталануға шешім қабылдаған екен, демек әуе техникасы істен шыққан деген сөз. Егер бір ғана қозғалтқыш бұзылып, ұшқыш әуе техникасының ұша алатынына сенімді болса, аэродромда ұшақты апатты жағдайда қондыратын еді. Оқиғаның мән-жайы, техникалық ақау туралы ақпарат әлі жоқ. Сол себепті ұшақта күрделі кінәраттың болғандығын айта аламыз. Ұшқыш мұндай шешімге келген болса, көп ойлануға уақыты болмаған", — деді Стешенко.

"Әскери атағына қарап айтар болсақ, ұшқыш жас екен, дегенмен әжептәуір ұшқан көрінеді. 556 сағат күндізгі және түнгі сынақ авиациясы үшін – біршама уақыт, яғни ұшқыштың тәжрибесі бар екендігін көрсетеді", — деп атап өтті запастағы полковник.

Су-27 - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанда оқу-жаттығулар кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады

Су-27 апаты дерегі бойынша, бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464-бабында (Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне байланысты сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры Сырлыбаев С. А. басшылығымен жедел тергеу тобы құрылды, оның құрамына Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімі мен Қазақстан Республикасы ІІМ оңтүстік аймақтық әскери тергеу басқармасының қызметкерлері кіреді.

Қазіргі уақытта апаттың анық-қанығы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот алды тергеудің нәтижелері мен қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Су-27 ұшқышы, майор Әділбек Искаков әскери госпиталде жатыр. Әскери дәрігерлердің айтуынша, жағдайы бір қалыпты, сынықтар мен ауыр жарақаты жоқ.

Жаңалықтар
0