Бочарников: ресейліктердің Қазақстанға деген қызығушылығы арта түсті

© Sputnik / Болат ШайхиновРесей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников
Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковтың Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбаты

АСТАНА, 16 нау – Sputnik, Дмитрий Покидаев. Бейсенбі күні Қазақстанның елордасында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25  жыл толуына орайластырылған "Қазақстан және Ресей: мәңгі достық стратегиясы" тақырыбындағы тарихи-деректі көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 

Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников осы көрменің кейбір материалдары осы жазда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі ресейлік павильон контентінің бір бөлігі болуы мүмкін екенін атап өтті. 

— Бүгінгі көрме заңдылық, ол Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаудың артынан келіп,  біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25  жылдық мерей тойын атап өте маусымын ашады. Сондықтан бұл көрме екі дербес егемен мемлекеттердің 25 жыл өмір сүруінде қандай жетістікке келгенімізді жалпы ұғынуға екпін береді, — дейді ресейлік дипломат. 

Көрме 300-ге жуық мұрағаттық материалдар – фотосуреттер және жазба материалдарды біріктіріп, жеті тақырыптық тарауға бөлінген. 

Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық байланыстар, интеграциялық байланыстар, саяси байланыста мен контактілер. Мұндай бөлу орынды, өйткені Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы әр қилы, және барлық дерлік саланы қамтиды. Сондықтан негізге алынатын құжаттарға, барлығының шығу тарихына қызығатын адамдар үшін бұл көрме танысу үшін керемет материалды ұсынады. Біз осындай материалдар ЭКСПО-2017 көрмесі барысында ресейлік павильнода болады деп ойлаймыз. Көреміз. 

- ЭКСПО-ға Ресей өз күніне ерекше бір нәрсе әзірлейді ме?

—  Білесіз бе, бұл әзірге ұйымдастырушыларымыздың құпиясы: көрме бойынша ұлттық комиссар, осы жобаларды жүзеге асыратын компания бар. Біздің күні нақты ненің болатыны туралы біз әзірге айтпаймыз. Көрменің басты тақырыбына арналған экспозиция болады. Ол көрме өтетін уақыт бойы жаңартылып тұрады. 

—  Ресей мен Қазақстанның экономикалық қатынастарындағы жетістіктері белгілі, ал гуманитарлық саладағы екі жақты ынтымақтастықты қалай бағалар едіңіз? 

—  Біздің гуманитарлық қатынастарымыздың негізі жақсы және ождан әрі дамуы тиіс: біріншіден, бізде базалық келісім-шарттар бар. Онда гуманитарлық қатынастарды дамыту қажеттілігі көрсетілген. Олар бізде негізінен білім саласына негізделген. 


Жаңалықтар
0