Мәдениет

"28 панфиловшылар": "халықтық кино" қалай түсірілді

© Photo : сайт фильма "28 панфиловцев""28 панфиловшы" фильмінен кадр
28 панфиловшы фильмінен кадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Финалдық титрлерде фильмді түсіруге ақшалай қолдау көрсеткен барлық 35 мың адамның есімі аталды.

АСТАНА, 19 қар – Sputnik. 1941 жылғы қарашада Волоколам тас жолына қарай неміс танкілеріне тосқауыл болған Панфилов дивизиясының атқыш рота жауынгерлерінің даңқты ерлігіне арналған "28 панфиловшылар" көркем фильмі, картина прокатының мерзімі аяқталған соң еркін көшіріп алуға интернетке жүктеледі, деп хабарлады картинаның сценаристі, продюсері және  тең режиссері Андрей Шальопа. 

Панфиловшылар – генерал Панфиловтың қолбасшылығындағы 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері 1941 жылы Мәскеуді қорғауға қатысқан. Қырғын ұрыстар барысында 18 неміс танкісін жойған. Жасаған ерліктері үшін оларға Кеңес одағының батырлары атағы берілген. 

Халықтық кино

"Біз ақша, халықтан жәрдем жинаған кезде, әрине бұл фильмнің халықтық екені, ол прокаттан өткеннен кейін, оны желіге тарататынымыз туралы әңгіме болды", — деді Шальопа Қазақстандағы фильмнің таныстырылымынан кейін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

Продюсердің атап өтуінше, краудандингтен түскен сома "шамамен картина бюджетінің бесінші бөлігінен" құраған. Оның айтуынша, елеулі қаржылық үлесті қазақстандық тарап пен Ресей мәдениет министрлігі қосқан. 

"Бірақ ол ақша бәрібір жеткіліксіз болды. Нәтижесінде таңдау жасауға тура келді – не жеке инвестицияларға жүгінеміз, немесе кино түсірмейміз. Сондықтан қаржының елеулі бөлгі – бұл Gaijin Entertainment  компаниясының ақшасы, ол ақшаны қайтару қажет", — деді Шальопа. 

Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, картинаның маркетингіне инвестициялаған ақша да қайтарым негізінде алынған. 

Генерал  Аяз

Картина түсірушілер фильмді жасау кезіндегі түсіру тобына кездескен кедергілер туралы айтып берді. 

"Бізде өте тығыз күнтізбелік-өндірістік жоспар болды, біз қыстың үш айында киноны түсіріп үлгеруіміз керек болды. Бірақ қыста түсіру күні өте қысқа. Біз Петербург түбінде түсірдік. Бізде түсіру күні тәулігіне 5 сағат. Яғни таңғы 7-де біз түсіру үшін дайын болуға тиіс едік", — деді Шальопа. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Путин "28 панфиловшы" фильмін тамашалады

Оның айтуынша, түсіру кезінде команда мүшелері алтын уақытты жоғалтпау үшін түскі ас та ішпеген. 

Актерлердің ызғарлы ауа райы жағдайында өз жұмыстарын жасауға қалай шамалары келді деген журналистердің сұрақтарына, режиссер Ким Дружинин: "бұл жағдай рөлдеріне терең кіруіне көмектесті", — деп жауап берді. "Бір кезде әртістер, әртіс болудан қалды, олар қызыләскерліктер, панфиловшылар болды. Меніңше, ол экранда көрініп тұр. Ол жеткілікті жылдам болды, олар өздерінен суықты да, сыздауды да, қасіретті де өткізді", — деді ол. 

"Шын мәнінде, "минус 28" градус болғанда түсіру жүргізілді. Суық болатын, жер сулы және қарлы болатын, қан да кадрда түсіру алаңында болғаннан әлде қанша аз", — деп растады әріптестерінің сөзін актер Александр Устюгов. 

Тарихи шындық туралы

Баспасөз мәслихатында оның қатысушылары, соңғы уақытта қызу пікірталас туғызған 28 гвардиялық-панфиловшылардың ерлігі тарихи шындық па жоқ әлде аңыз ба деген мәселені қозғаған жоқ. 

Ресей мемлекеттік мұрағатының сайтында 2015 жылғы 7 шілдеде бас әскери прокурор Афанасьевтің "28 панфиловшы" туралы анықтама баяндамасы жарияланған. Онда қаза тапты деп есептелген батырлардың бір бөлігі тірі қалғаны, ал ерлік туралы әңгімені 1941 жылғы қарашада әскери тілшілердің бірі ойлап тауып, ол "Красная звезда" әдеби хатшысының мақаласына негіз болды, делінген. 

Ресей мемлекеттік мұрағатының директоры Сергей Мироненко 2015 жылғы маусымда Мәскеуде өткен Орыс баспасөзінің Дүниежүзілік конгресінде 28 панфиловшының ерлігін аңыз деп атаған. 


Жаңалықтар
0