Мәдениет

Саятшылық пен қазақ күресі адамзаттың материалдық емес құндылықтар тізіміне енді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСаятшылық
Саятшылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени материалдық емес құндылықтардың көрнекілік тізіміне бес жаңа элемент енді

АСТАНА, 1 жел – Sputnik. ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени материалдық емес құндылықтардың көрнекілік тізіміне бес жаңа элемент енді, олардың арасында Қазақстанға тән саятшылық (құс салу) пен қазақ күресі бар, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі. 

Адамзаттың мәдени материалдық емес құндылықтардың көрнекілік тізімі материалдық емес мұраның  әралуандығын көрсетіп, оның маңыздылығын ұғынуға көмектесетін элементтерден тұрады. Көрнекілік тізімге енгізуге кандидатураларды қарастыру 1 желтоқсан күні түстен кейін жалғасады. 

Құс салу мен қазақ күресінен бөлек тізімге йога (Үндістан), Хидр Элиас мерекесі (Ирак) және Аль-мизмар биі (Сауд Арабиясы) кірді.  


Жаңалықтар
0