Мәдениет

Димаштың әкесі қызметінен кетті

© Photo : аккаунт Димаша Кудайбергенова в InstagramДимаш Кудайбергенов
Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайбергенов Uptown Funk әнімен қытай көрермендерін дүр сілкіндірді

"I am a singer" ән байқауының ұйымдастырушылары бір ай бұрын Қанатты қонақ ретінде Қытайға шақырған болатын. Сол уақыттан бері әкесі Димаштың жанында жүрді.

Ал Ақтөбеге қайтып келген мәдениет басқармасының басшысы жұмыстан шығу туралы арыз жазған. 

Алайда облыс әкімі оның бұл өтінішін қанағаттандырды ма, жоқ па — ол жағы белгісіз. Ал әзірге басшының міндеттерін оның орынбасары атқаруда.


Жаңалықтар
0