Мәдениет

Димаш "Дайдидау" әнін Қытайда халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды

© Photo : аккаунт Димаша Кудайбергенова в InstagramДимаш Кудайбергенов
Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет министрлігі осылайша Қытайда елімізді асқақтатып жүрген Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетпек

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Димаш Құдайберген «I am a singer» байқауының келесі кезеңінде "Дайдидау" әнін халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

«Достар, жақсы жаналық! Димаш Құдайберген Қытайдағы I am a singer байқауында біздің "Дайдидау" халық әнін Қазақ ұлттық өнер университетінің халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды! Министрліктің бастамасымен ансамбль қазір Қытайда, олар өнер көрсетуге дайындалып жатыр», — деп жазған Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбуктегі жеке парақшасында. 

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Димаш Құдайбергеновтың танымалдығы қытайлық туристтерді ЭКСПО-ға тартуда

Оның айтуынша, Қытайда сахнаға біздің өнерпаздар арнайы тіктірген ұлттық киімде шығады. 

«Димаштың курстастары Қытайға Димашқа қолдау көрсетуге үлкен ықыласпен кетті, олар әнді керемет орындап шығады»,- дейді министр. 

Айтпақшы, Димаш нақ осы "Дайдидау" әнімен "Славянский базар" халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алған болатын. 

«Достар, біздің студенттерге «I am a singer!» байқауында сәттілік тілейік. Өз басым Димашқа жеңіс тілеймін!» — деп жазады А.Мұхамедиұлы. 

Жаңалықтар
0