Мәдениет

Лара Фабиан Adagio әнін орындаған Димашқа өз бағасын берді

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуЛара Фабиан
Лара Фабиан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш I am singer байқауының алтыншы кезеңінде Лара Фабианның "Adagio" әнін шырқаған болатын

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Әлемге белгілі әнші Лара Фабиан "I am singer" байқауының алтыншы кезеңінде "Адажио" әнін шырқап, бірінші орын алған Димаш Құдайбергенді құттықтады. Бұл туралы Димаштың продюсері Алпамыс Шәрімов инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады. 

Лара Фабиан құттықтау сөзін фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазған. 

"Adagio" түрлі континентті шарлап жүр. Қытайдың "I am singer" ТВ-байқауында осы әнді шырқаған Димаш Құдайбергенді құттықтаймын", — деп жазған әнші.

Осы қуанышпен Димаштың продюсері Алпамыс Шәрімов инстаграмда оқырмандарымен бөлісіп, әншіге алғысын жеткізген.

"Батырды Батыр ғана мойындайды! Лара Фабиан Димашты өзінің ресми фейсбук парақшасында құттықтады! @larafabianofficial thank for you!!! Сөзім жоқ! @kudaibergenov.dimash құттықтаймын!", — деп жазды ол.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайда өтiп жатқан I Am Singer байқауының алтыншы кезеңiнде Лара Фабианның Adagio әнiн орындап, бірінші орын алған болатын. 

Жаңалықтар
0