Мәдениет

Димаштың Қытайдағы фанаттары елімізге келіп, қазақтың ұлттық тағамдарын зерттеген

Жазылу
Олар қазы-қарта, тары-талқан, құрт-май дайындап, әншіні таңғалдырды

АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Димаштың Қытайдағы фанаттары Қазақстанға арнайы келіп, елімізді біраз зерттегенге ұқсайды. Тіпті қазақтың ұлттық тағамдарын біліп алыпты. Димаштың қарны ашып қалмасын деп, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп әкеліп, әншіні таңғалдырған. Бұл туралы инстаграмдағы парақшасында әншінің досы, продюсері Алпамыс Шаримов жазады. 

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Әншінің продюсері: Еңкілдеп жылаған Димаш "мақсатым осы еді ғой" деп ағынан жарылды

"Димаштың @kudaibergenov.dimash жанкүйерлері күннен-күнге таңқалдыруларын қоймайды. Расымен, мақтанға салынбайықшы деп, көп тосын сыйларды жариялай бермейміз. Бірақ, бүгінгісі ерекше! Қытай фанаттары арнайы Қазақстанды зерттеп, виза ашып, елімізге барыпты. Димаштың қарны ашып қалмасын деп, қазақ ұлттық тағамдарын дайындап бүгінгі түскі аста бізді таңқалдырды. Қазы-қарта, тары-талқан, құрт-май, жеміс-жидек бәрі бар! Жырақта жүрген жан үшін бұл тағамдардың орны ерекше екені сөзсіз! Қорап-қорап сыйлық. Әлі ашып та үлгермей жатырмыз! Барлығы әншісіне деген ниеті ғой жанкүйерлердің", — деп жазады Шаримов. 

Жалпы,  оның айтуынша, Димашқа арналған фан-топтар көп екен. 

"Бұл #DimashSisters яғни "Димаштың қарындастары" атты фан топтың сыйлығы. Қиалдарында шек жоқ қой шіркін!? Қандай керемет!.. Димаштың атынан барша #DimashSister фан тобының қыздарына алғыс білдіремін! Бүгін біз расымен де ауылға барып қайтқандай болдық!!! Раxмет, Dears!", — дейді әншінің досы. 

 

Димаштың @kudaibergenov.dimash жанкүйерлері күннен-күнге таңқалдыруларын қоймайды. Расымен, мақтанға салынбайықшы деп, көп тосын сыйларды жариялай бермейміз. Бірақ, бүгінгісі ерекше! Қытай фанаттары арнайы Қазақстанды зерттеп, виза ашып, елімізге барыпты. Димаштың қарны ашып қалмасын деп, қазақ ұлттық тағамдарын дайындап бүгінгі түскі аста бізді таңқалдырды. Қазы-қарта, тары-талқан, құрт-май, жеміс-жидек бәрі бар! Жырақта жүрген жан үшін бұл тағамдардың орны ерекше екені сөзсіз! Қорап-қорап сыйлық. Әлі ашып та үлгермей жатырмыз! Барлығы әншісіне деген ниеті ғой жанкүйерлердің. Жалпы, Димашқа арналған фан-топтар көп. Бұл #DimashSisters яғни "Димаштың қарындастары" атты фан топтың сыйлығы. Қиалдарында шек жоқ қой шіркін!? Қандай керемет!.. Димаштың атынан барша #DimashSister фан тобының қыздарына алғыс білдіремін! Бүгін біз расымен де ауылға барып қайтқандай болдық!!! Раxмет, Dears! #behappy #haveniceday #china #DimashKudaibergen #DQ #ThesingerDimash

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov) Мар 9 2017 в 2:41 PST

 


 

Жаңалықтар
0