Мәдениет

Қазақ елінің туы танымал америкалық телешоуда көрсетілді

© Photo : almaty2017.com/ru/Девушка держит флаг Казахстана
Девушка держит флаг Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бес жасар бүлдіршін америкалық танымал телешоуда Қазақстанның туын жазбай таныды

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. География саласын жетік меңгерген бес жасар Нэйт Селтзер актриса әрі тележүргізуші Эллен Дедженерс шоуында Қазақстан Респубикасын жазбай таныды.

Мектеп табалдырығын аттамаған Нейт карта және география десе ішкен асын жерге қояды. АҚШ-тың бүкіл штаттары мен олардың астанасын, бұған қоса әлемдегі барлық мемлекеттер мен олардың туларын жатқа біледі. Шоу барысында тележүргізуші балаға мемлекеттік нышандар бейнеленген суреттерді көрсетіп, қай елге тиесілі екендігін сұраған. Сол елдердің арасында Қазақстан Республикасы да бар болып шықты. Сондай-ақ бес жасар бала Қазақстанды аумағы бойынша да жазбай таныды. 

Тек әлеуметтік желілерде ғана бұл видеоны 14 миллионға жуық адам көрген. Эллен Дедженерес шоуы 2003 жылдан бері эфирге шығып келеді. Ол 11 рет "Эмми" премиясын иеленген. 

Жаңалықтар
0