Мәдениет

Димаш Құдайберген Астанада ЭКСПО аясында концерт қояды

Жазылу
Димаш Құдайбергеннің концерті биыл жазда Астанада өтеді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Астанада 2017 жылғы жазда әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді деп хабарлайды expo2017culture.kz.

Димаштың өнеріне тәнті француз қызы қазақша ән орындады - Sputnik Қазақстан
Видео
Димаштың өнеріне тәнті болған француз қызы қазақша ән орындады

Шара анонсында көрсетілгендей, екі сағаттық концерт 27 маусым күні сағат 19.00-де "Астана-Арена" стадионында болады. Билеттер әзірше сатылымда жоқ. Сол себепті олардың бағасы жайында ешқандай мәлімет берілмеген.

Димаш Қытайдағы I am a singer байқауына қатысқалы бері кең танымалдыққа ие болды. Қазақ әншісінің дарынына қытайлық тыңдармандар ғана емес, бүкіл әлем тәнті. Димаш ерекше дауысқа ие өнер иесі – әншінің вокалдық диапазоны үш октавадан асады. 

Жаңалықтар
0