Мәдениет

Димаш Азияның ең танымал әншісі атағын жеңіп алды

© Photo : Facebook Алпамыса ШаримоваДимаш Кудайбергенов получил музыкальную премию Top Chinese Music Awards
Димаш Кудайбергенов получил музыкальную премию Top Chinese Music Awards - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ әншісі Азиядағы ең беделді Top Chinese Music Awards сыйлығына ұсынылған еді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетті. Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шәрімов бөлісті. 

Димаштың өнеріне тәнті француз қызы қазақша ән орындады - Sputnik Қазақстан
Видео
Димаштың өнеріне тәнті болған француз қызы қазақша ән орындады

"Енді мен "Азияның ең танымал әншісінің" ресми досымын!!! Тууффф қандай бақыт!!! Құтты болсын! Қуанышымызда шек жоқ! Тойла, қазақ!!!", — деп жазған Алпамыс Шәрімов инстаграмдағы парақшасында. 

Айта кетейік, қазақ әншісі Азиядағы ең беделді Top Chinese Music Awards сыйлығына ұсынылған еді. Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған.

Димаш Қытайдағы I am a singer байқауының он кезеңін сәтті бағындырып, финалға шықты.  


Жаңалықтар
0