Мәдениет

Шымкенттіктер "ЭКСПО" әнін орындайды

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО
ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты түрде ашылуына санаулы күндер ғана қалды

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Ашылуына санаулы күн қалған, бұл көрме Қазақстан халқы, оның ішінде қазақ жұрты үшін мерейлі мереке, әлемдік бедел десек болады, деп жазады Егемен Қазақстан басылымы. 

Осыған орай шымкенттік талантты әнші Мақсат Айтжанов "ЭКСПО" әнін жазған екен. Қазақтың жезтаңдай әншілерінің бірі Роза Рымбаева айрықша қадірлейтін, өнерін бағалап, туған інісіндей жақын тартатын Мақсат Айтжанов "бұл ән жүрек қалауымен жазылды", дейді.

Астана готовится к ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 қонақтарына арнап бірегей мәдени бағдарлама дайындалды

"Еліміздің кешегі тарихын жақсы білеміз. ХІХ ғасырдың соңында 8 миллионға жеткен қазақ әртүрлі зұлматтың, қолдан ұйымдастырылған аштық, репрессия салдарынан жусап қалды. Халық¬тың жартысы қырғын тауып, 1 миллионға жуығы бас сауғалап шет елге өтті. Осылай рухы жаншылған елдің еңсесін көтеру үшін еңселі істер керек. Мемлекетіміздің беделімен алынған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі еліміздің, елім деген Елбасымыздың жеңісі. Осының бәрі жігерлендіріп, осынау әнді тудырды". 

Бұл ән облыста өткен мәдениет қызметкерлерінің күнінде 2017 адамдық хордың айтуымен орындалды.  Енді осы ән ЭКСПО-2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өткенде орындалмақ. Оған облыстан 610 адамнан құралған 17 шығармашылық топ қатысады. "Мәдени шара барысында "Қазыналы Оңтүстік" қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі, концерттік бағдарламалар, оңтүстікте түсірілген анимациялық фильмдер мен көркем фильмдер көрсетіледі. 

Сондай-ақ, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма және орыс драма, қуыршақ, әзіл-сықақ және сатира театрлары мен Оңтүстік-Цирктің қойылымдары төрт тараптан келген жұртшылықтың назарына ұсынылады. 


Жаңалықтар
0