Мәдениет

Астанада өтетін Димаштың концертінде кімнің өнер көрсететіні белгілі болды

Жазылу
Димаш Құдайбергеннің концерті "Астана Аренада" өтеді

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Танымал Ресей әншісі мен актрисасы Кристина Орбакайте, сонымен қатар, "Евровидения-2012" байқауының жеңімпазы Лорин қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетеді. 

Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында 27 маусымда "Астана Арена" стадионында өтетін Bastau live show концертінің афишасын жариялады. 

"Менің #Bastau-ымның құрметті қонақтары! 27 маусым Сіздермен кездесуге асықпын! Билеттер Астанадағы барлық кассаларда!", — деп жазған Димаш. 

 

Менің #АстанаАрена-да өтетін #Bastau кешіме аз күн қалды! Шығармашылығымды қолдап, бата беруге асыққан мыңдаған көрерменіме ризамын! Шоу концерт алдында этика бойынша құрметті қонақ болып қатысқалы жатырған әншілерді таныстыруға рұқсат етіңіздер! Әр менің кешіме келген қонақ — Еліміздің қонағы, Сіздің үйге келген қонақ деп қабыл алыңыз! Шын жүрекпен, достық ниетпен қарсы алайық! Repost______ @asharimov: 27-ші маусым Димаштың #Bastau кешінің құрметті қонақтары кімдер?! сонымен… Терри Лин — Қытай елі. Қытай елінің ең жарық жұлдызы. #IAmSinger жобасында Димашқа қарсылас бола жүріп, қамқорлығын танытып, Қытай елінің жұлдыздарының ішінде достық ниетін танытқан алғашқы әншілердің бірі. Димаштың туған күнінде жеке концерттік киімін сыйға тартып, арнайы тілегін де білдірді. Тіпті, Димаш Терри Линді "қытайлық өкіл әкем" деп атап та кетті. Көп мәрте азиялық марапаттардың жүлдегері Терри Лин 27 маусым #Bastau-дың құрметті қонағы! Loreen @loreenofficial — Швеция. "Евровидение 2012" жылдың жеңімпазы, данс-поп, евродэнс жанрында ән шырқайтын танымал Европа әншісі. Аты шулы Warner Music лейблымен серіктестікте қызмет атқаратын Лориннің 2012 жылғы "Heal" альбомы Европаның барлық ән шерулерінде топ жарды. Европаның сәлемін бізге Димаштың ән кешінде Лорин жеткізетін болады! Элит-Бекстор Софи @sophieellisbextor — Ұлыбритания. 1997 жылдан бері шығармашылығымен айналысып келе жатырған әлемнің танымал әншісі. Көптеген танымал әндердің авторы, сазгер. Танымал сән брендтерінің жарнамасы Оның әнімен сүймелдеп, ал сұлу бейнесі жарнаманың өзіне айналды! Элис-Бекстор Софи Қазақстанда алғаш рет Димаштың жеке ән кешінде қонаққа келеді! Кристина Орбакайте @orbakaite_k — Ресей. Көрші елдің ыстық сәлемімен "Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген әртісі", "Top Hit awards" марапатының жүлдегері Кристина Орбакайте Димаштың концертіне арнайы келе жатыр. "Славян базарында" Димашқа жеңіс сыйлаған әндердің бірі "Опять метель" әні Кристина мен Димаштың дуэтінде қалай шырқалады екен?! 27 маусым бірге тамашалайтын боламыз! Майра Мұхамедқызы @mairaopera — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Июн 18 2017 в 3:21 PDT

 

Бұдан бұрын Димаш "Славянский базар" конкурсында "Опять метель" әнін орындаған болаты. Осы шығарманы бұдан бұрын Кристина Орбакайте мен оның анасы – Ресей эстрадасының примадонасы Алла Пугачева орындаған. Сондай-ақ, концертте қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, қытайлық орындаушы Терри Лин және британ әншісі Софи Эллис-Бекстор өнер көрсетеді. 


Жаңалықтар
0