Мәдениет

Астанада "Ромео мен Джульетта" алғаш рет қазақ тілінде қойылады

© Photo : служба центральных коммуникацийАсхат Маемиров
Асхат Маемиров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жобаны қойылым тобы жүзеге асырып, әлемдік деңгейдегі мюзиклдің қазақстандық тұсаукесеріне арнайы қонақ - француз сценаристі әрі актер Жерар Пресгурвик келді, деп хабарлады "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Асхат Маемиров
"Ромео и Джульетта" впервые прозвучит на казахском языке в Астане

"Біз екі ай жұмыс істеп, дайындалдық. Жобаны қойылым тобы жүзеге асырды. Біздің мюзиклдің ерекшелігі сол, біз ресейлік немесе басқа да нұсқаларды қайталамаймыз", — деді Маемиров орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, керемет музыкалық қойылымда "Астана Мюзикл" жас театрының дарынды әртістері өнер көрсетеді.
"Ромео мен Джульетта" мюзиклінің қазақстандық тұсаукесері 21 маусым күні Бейбітшілік және Келісім сарайында өтті, қойылым 4 шілдеге дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0