Мәдениет

"Цифрлық шоу болады": Димаштың концертіне дайындық қызу жүріп жатыр

© Photo : Министерство культуры и спорта / Никита БасовДимаштың Лондондағы концерті
Димаштың Лондондағы концерті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайбергеннің "Арнау" концерті "Астана-Арена" стадионында 29 маусымда өтеді

Астана, 26 ақпан – Sputnik. Qazaqstan теларнасының басқарма төрағасы Ерлан Қарин танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концертіне дайындық жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Димаш Кудайбергенов  - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Тағы да таңғалдырды" Димаш америкалық шоудың үшінші кезеңіне өтті – видео

Қарин концертті ұйымдастыру мәселесі толық шешілгенін атап өтті.

"Димаш Құдайбергеннің концертіне дайындық белсенді түрде жүріп жатыр. Бірнеше ай бар. Дегенмен дайындық жаман емес. Бұл концерт көрермендердің көңілінен шығатындай етіп, жаңа тәсілдерді қолдануды жоспарлап отырмыз. Жаңа технологиялармен цифрлық әдіс-тәсілдерді қолданып, оларды мүмкіндігінше пайдаланамыз. Сондықтан цифрлық шоу болады", - деді Ерлан Қарин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда басқарма төрағасы шығармашылық топпен концерттегі қойылымдар туралы сөйлескенін айтты.

"Олармен қойылымдарды талқыладық. Ол да қызықты болады. Сахнадағы жекелеген шығармашылық топтардың дайындығы наурыз-сәуір айларында жүргізіледі. Концертке негізгі дайындық оған 1 ай қалғанда өткізілмек. Негізгі әріптестеріміз өз тараптарынан концертке қолдау көрсетуге келісті", - деді ол.

Сөз соңында Ерлан Қарин Димаштың жеке концертіне мемлекет қаржысы бөлінбейтінін атап өтті.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Астана күніне орай Qazaqstan телеарнасының шығармашылық ұжымымен бірлесіп, елордада жеке концертін ұйымдастыратынын хабарланған еді. "Арнау" концерті "Астана-Арена" стадионында 29 маусымда өтеді. Димаштың алғашқы "Бастау" концерті Астанада 2017 жылы өткен еді.

Жаңалықтар
0