Экономика

Қазақстан ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі комитетіне енуі мүмкін

© Sputnik / Медиабанкке өтуАстана келбеті
Астана келбеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына 35 ел кіреді.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестициялар жөніндегі комитеті Қазақстанды мүшелігіне өтуге шақыруға ұсыныс білдірді деп хабарлады республиканың инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Ерлан Қайыров бейсенбі күні Facebook парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, комитетке ену жұмысына бес жылдай уақыт кетті. Вице-министр атап өткендей, үкімет республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елдегі инвестициялық климатты жақсартуға көп еңбек сіңірді. 

" ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі комитеті Қазақстанның инвестициялық саясатын алдын ала шолу презентациясы нәтижесінде  Қазақстанды ЭЫДҰ инвестициялар жөніндегі комитет мүшелігіне енуге және ЭЫДҰ –ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар декларациясына қосылуға шақыруға ЭЫДҰ кеңесіне ұсыныс білдірді ", — делінген хабарламада.    


Жаңалықтар
0