Экономика

Серік Егізбаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды

© Photo : mgov.kzСерік Егізбаев ауыл шаруашылығы вице-министрі
Серік Егізбаев ауыл шаруашылығы вице-министрі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серік Егізбаев 2007 жылдан бүгінге дейін ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс жасаған. Оның негізгі мамандығы – "агроном".

АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Егізбаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарланады премьер-министрдің ресми сайтында. 

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1985 жылы БҚО Ауыл шаруашылығы институтын, 2000 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері академиясын бітірген.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде қызметтер атқарды. 2007 жылдан бүгінге дейін ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс жасады.

2015 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.

Негізгі мамандығы – "агроном".


Жаңалықтар
0