Экономика

KASE-да теңге $1 үшін 336,13 теңгеге дейін нығайды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теңге мұнайдың қымбаттауы нәтижесінде нығаюда.

АСТАНА, 22 қар – Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда сессиясында АҚШ долларының орташа есептегі бағамы сейсенбі күні  $1 үшін 336,13  теңге деңгейінде тұрақтады, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 339,65 теңге болатын деп хабарлады биржа.

ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Теңгенің құпия түрде пайда болуы: Қазақстан ұлттық валютасына 23 жыл

Доллар бойынша сауда көлемі сейсенбі күні 53,450 миллион долларды құрады, бұл дүйсенбі күні таңертеңгі мөлшерден 41,300 миллион долларға көп.

Әлемде мұнай бағасы белсенді түрде артуда; Brent маркалы мұнай бағасы дүйсенбі күні кешке 1 қарашадан бері алғаш рет бір баррель үшін 49 доллар мөлшерден асып түсті. ОПЕК-ке кіретін және кірмейтін мұнай өндіруші елдердің «қара алтын» шығару көлемін шектеу бойынша келісімге келуін күту аясында мұнай бағасы қымбаттап келеді. 

Жаңалықтар
0