Экономика

ФРЖ-нің мөлшерлемені көтеру туралы шешімінен соң теңге KASE-де арзандады

© SputnikДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің ақша саясатын қатаңдату туралы шешімі мұнай бағасының төмендеуіне әкеп соқты.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай бағасы қымбаттауынан теңге KASE бойынша $1 үшін 331,56 теңгеге нығайды
АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстандық қор биржасында (KASE) бейсенбі күні орташа доллар бағамы бір АҚШ доллар үшін 334,83 теңгені құрады, сәрсенбі күні бұл көрсеткіш 330,58 теңге болған еді деп хабарлайды биржа.

АҚШ доллары бойынша сауда көлемі 100,2 миллион долларды құрады, сәрсенбі күні 75,1 миллион доллар болған.

Теңгенің құлдырауына АҚШ-тың Федералды жүйесіндегі ашық нарықтар бойынша Комитетінің базалық пайыздық мөлшерлемені арттыру шешімі себеп болды.

Жаңалықтар
0