Экономика

Ұлттық банк БЖЗҚ-ны құқық қорғаушы органдар тексереді деп хабарлады

© Sputnik / Максим МасловҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Реттеушінің хабарлауынша, тексеру БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылуда.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-да сәрсенбі 21 желтоқсаннан бастап қордың қызметі тексерілуде деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметі.

"2016 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының қызметіне тексеру жүргізілуде", — делінген Ұлттық банк баспасөз хабарламасында.

Тінту - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің бағынышты орталығында тінту жүргізілді

Хабарламада тексерудің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылатындығы, "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылатындығы атап өтілген. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады.

Хабарлама еске салып өткендей, азаматтардың зейнетақы жинақтары "БЖЗҚ" АҚ-тың балансынан бөлінген және бөлек ескеріледі. Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарын инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған 2016 жылға арналған бағыттар бойынша ғана жүзеге асырады. Бұл ретте 2016 жылы зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторының жеке компанияларының қаржы құралдарына инвестициялау көзделмейді.

"Ұлттық Банк құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсінік беруге құқылы емес. Ахуалға құқықтық бағалау тексеру аяқталған соң және тиісті процессуалдық шешімдер шығарылғаннан кейін беріледі", — делінген хабарламада.

2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,15%, бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 7,5% мөлшерінде болды, бұл зейнетақы жинақтарының инфляциядан толық қорғалуын қамтамасыз етеді деп көрсетілген Ұлттық банк баспасөз хабарламасында. 

Жаңалықтар
0