03:37 22 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Есеп

Сарапшы: БЗЖҚ меншікті қаражаты бұл да біздің ақшамыз

© Sputnik / Михаил Мордасов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Зейнетақы жүйесі саласының сарапшысы Айдар Алибаев БЗЖҚ тексерілуі қатардағы қазақстандықтарды не үшін қызықтыратынын түсіндірді.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik.  БЗЖҚ меншікті қаражаты – мемлекеттік меншік, сол себепті қор қызметіне қызығушылық тегін туындап отырған жоқ. Sputnik Қазақстан ҚР зейнетақы қорлары Қауымдастығының бұрынғы төрағасы, зейнетақы жүйесі саласындағы белгілі сарапшы  Айдар Алибаевтан сұхбат алды. Ол БЗЖҚ қызметін тексеру орынды деп санайды.

Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық банкі хабарламасында "тексерудің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылатындығы, "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылатындығы атап өтілген".  Sputnik Қазақстан агенттігі сарапшы Алибаевтан БЗЖҚ меншікті қаражаты деген не және халықтың зейнетақы жинақтары оның құрамына ене ме деген сұрақтарға жауап беруді өтінді.

"БЗЖҚ  құрылған кезде, оның мемлекеттік қаражаттан құрылған жарғылық капиталы болды. Екінші құрамдас бөлігі – кіріс әкелетін біздің қаражатымыз, яғни зейнетақы жинақтары инвестицияланған кезде пайда болады. Кірістен түскен пайыз БЗЖҚ-ның меншікті қаражатына қосылады. Үшіншіден, меншікті қаражат пен жарғылық капиталдың бір бөлігін қордың өзі инвестициялайды. Ұлттық банк басқарып отырған зейнетақы жинақтарымен ғана айналысатын инвестициялық комитет емес, БЗЖҚ-ның өзі инвестициялайды. Меншікті қаражатты инвестициялаудан түскен кіріс қордың өзіне тиесілі, ол бұл қаражатты ешкіммен бөліспейді. Кірістің бұл көздері болмашы ғана деп айта алмаймыз", — деді Алибаев телефон арқылы.

Алайда, сарапшының пікіріне сүйенсек, БЗЖҚ меншікті қаражаты – бәрі бір халықтың ақшасы, себебі ол мемлекетке тиесілі, ал БЗЖҚ – жекеменшік "дүңгіршек" емес.

"Бұл меншікті активтер болса, БЗЖҚ қызметін тексеру орынды болып саналады. БЗЖҚ меншікті қаражаты – біреудің жеке ақшасы емес. Ол мемлекетке тиесілі, себебі БЗЖҚ – мемлекеттік ұйым", — дейді Алибаев.

Басты тақырыптар