03:34 22 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Qazkom

Qazkom: банкке жәрдем беру туралы келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ

© Sputnik /
Экономика
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Qazkom Ұлттық банктен қарыз алғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарады

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. "Қазкоммерцбанк"  АҚ Ұлттық банк және үкіметпен қаржылық көмек алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ; екінші деңгейлі банктерге қысқа мерзімді өтімділік беру жөніндегі әдеттегі процедуралар аясында Ұлттық банктен қысқа мерзімге  400 миллиард теңгеден астам сома алынды делінген банк мәлімдемесінде.

Дүйсенбі күні Ұлттық банктың хабарлағанындай, реттеуші басқармасы осыған дейін "Қазкоммерцбанк" АҚ-қа банктің жүйелік маңыздылығын ескере отырып 400,8 млрд. теңге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қарыз банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді.

"Банк ресми түрде жариялайды, мұндай жәрдем алу туралы Ұлттық банк және үкіметпен келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ. 14 желтоқсан күні екінші деңгейлі банктерге қысқа мерзімді өтімділік беру жөніндегі әдеттегі процедуралар аясында Ұлттық банктен қысқа мерзімге 400 миллиард теңгеден астам сома алынды. Қарыз қаражаттар ақылық және қайтарымдық негізде нарықтық жағдайда берілген", — делінген мәлімдемеде.

Басты тақырыптар