03:35 22 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Жанармай станциясы

Ресей Қазақстанға жыл сайын 1 млн тонна бензинді бажсыз жеткізбек

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары жаңартылған соң, Қазақстанның ішкі нарығы толығымен қамтамасыз етіледі.

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын жаңартып жатқан мерзімде Ресейден жыл сайын 1 миллион тонна бензинді бажсыз тасымалдауға мүмкіндік алды деп жазады РИА Новости РФ энергетика министрі Кирилл Молодцовқа сілтеме жасап.

"Егер модернизацияны аяқтаса, менің пікірімше, 2018 немесе 2019 жылдың соңында аяқтайды, сонда ішкі нарық толық қамтамасыз етіледі. Әзірше, олардың сұранысын жыл сайын 1 миллион тонна көлемде қамтамасыз етуіміз керек. Бұл көлем бізден баж салығынсыз жіберіледі", — деді Молодцов.

Оның айтуынша, Қазақстанда қазіргі уақытта Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарының модернизациясы аяқталған жоқ. 

Басты тақырыптар