Экономика

"Уральские авиалинии" "Жуковскийден" Астана мен Алматыға ұшатын болады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өту"Жуковский" халықаралық әуежайы
Жуковский халықаралық әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеу түбіндегі "Жуковский" әуежайынан Қазақстанға рейстер қашан жіберілетіндігі әлі белгісіз.

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Қазақстанның авиация билігі Мәскеу түбіндегі "Жуковский" әуежайынан Астана мен Алматыға "Уральские авиалинии" рейстерінің жіберілуін қабылдады деп хабарлайды РИА Новости агенттігі РФ транспорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Победа әуекомпаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ресейлік лоукостер Самара-Алматы әуе рейсін ашады

"Қазақстанның авиация билігі Ресей Федерациясының авиация билігіне "Уральские авиалинии" әуе компаниясының "Жуковский" — Астана және "Жуковский" — Алматы бағыттарын қабылдайтындығы туралы мәлімдеді. Ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде осындай келісімге қол жеткізілді", — деп хабарлады ведомство.

Ведомство мәліметіне сәйкес, аталған бағыттар бойынша екі әуе тасымалдаушысы аптасына жеті рейс жібере алатындығы атап көрсетілген.

Жаңалықтар
0