Экономика

Ұлттық банк Delta Bank-ке халықтан депозит тартуға қайта рұқсат берді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚР Ұлттық банкі
ҚР Ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банк активтердің сапасын жақсартуға, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізді

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. "Delta Bank" акционерлік қоғамына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын жаңартты, деп хабарлады реттеуіштің баспасөз қызметі.

Хабарламаға сәйкес, Ұлттық банктің қаулысымен 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап "Delta Bank" АҚ-қа (бұдан әрі – Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды қайта жүзеге асыруға рұқсат берілді. 

Қаулы Банктің активтердің сапасын жақсартуға, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізуі туралы өтінішін және растайтын құжаттарын қарау қорытындылары бойынша, сондай-ақ Банк акционерлерінің Банктің өтімділігін қолдау және қосымша капиталдандыру бойынша өздеріне қабылдаған міндеттемелерін ескере отырып қабылданды.


Жаңалықтар
0