Экономика

Ұлттық экономиканың вице министрі тағайындалды

© Photo : Пресс-служба министерства нацэкономикиАйбатыр Жұмағұлов пен Тимур Сүлейменов
Айбатыр Жұмағұлов пен Тимур Сүлейменов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айбатыр Жұмағұлов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұжымға жаңа вице-министр Айбатыр Жұмағұловты таныстырды, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Үкіметтің қаулысымен Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды", — деді Сүлейменов.

Министр Жұмағұловтың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесіне тоқталып, оны жұмыс барысында тиімді пайдаланатынына сенім білдірді. 

Тимур Сулейменов - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР ұлттық экономика министрі қызметіне Тимур Сүлейменов тағайындалды

Жұмағұлов бұған дейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқармаа төрағасы лауазымын атқарып келді.

1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Экономика және менеджмент" мамандығы, 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын экономика магистрі дәрежесі бойынша бойынша бітірген. Еңбек жолын банк саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаментінің бас талдаушысы болып бастаған.

Түрлі уақыттарда "Банк Центр Кредит" АҚ Қазынашылық департаменті директоры және "BCC-Invest" АҚ ("Банк Центр Кредит" ААҚ еншілес инвестициялық бөлімшесі) басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген, онда қор басқармасы мен банк қаржысы, қазынашылық және сауда операцияларына жетекшілік етті.

Банк және инвестиция салаларында жұмыс істеумен қатар, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Базалық салалар департаментінің директоры болған.

"Бәйтерек" ҰБХ АҚ Бас директоры лауазымын атқарды және "ҚазЭкспортГарант" Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесін басқар

ды, сондай-ақ, «Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры" АҚ, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ директорлар кеңесінің құрамында болды. 


Жаңалықтар
0