03:35 22 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Жеңіс Қасымбек
© Foto: Служба центральных коммуникаций при президенте РК

Қасымбек: жүздеген қазақстандық Стамбулда жауған қардан зардап шегуде

Экономика
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Стамбулда қалың қар жууының себебінен ұша алмай жатқан қазақстандықтардың жағдайы туралы айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, қалың қар жууға байланысты Стамбул әуежайынан рейстер кейінге қалдырылған. Мәселен, кеше Air Astana әуе компаниясының рейсі кейінге қалдырылған. Turkish Airlines компаниясының бүгінгі Қазақстанға екі рейсі кейінгі қалдырылады деп күтіліп отыр. 

"Жалпы 900 адам зардап шекті, олардың 600-ін ауа райы мүмкіндік берген кезде әкетіп алдық. 300 адам Стамбул әуе жайында қалуда, оларға қонақ үй мен тамақ ұйымдастырылған. Алдағы тәуліктерге де болжам нашар, қатты қар жауады деп болжанып отыр. Біз  жағдайды қадағалап отырмыз", — деді министр үкімет отырысында.   

 

Басты тақырыптар