00:50 24 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Доллары

Дүниежүзілік банк әлемдік ЖІӨ өсімі бойынша болжамды 0,1 п.п төмендетті

© Sputnik / Максим Богодвид
Экономика
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

2016 жыл әлемдік экономикада ең ауыр жылдардың бірі болып, Дүниежүзілік банктің болжамынан ЖІӨ-нің төмен өсімін көрсетті

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Дүниежүзілік банк әлемдік экономика өсімінің 2017-2018 жылдарға арналған болжамын өткен жылғы маусымда жасалған бағалаумен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктіге төмендетті, деп жазады РИА Новости Дүниежүзілік банкінің Global Economic Prospects жүйелі баяндамасына сілтеме жасай отырып. 

"2017 жылы 2,7%-ға (әлемдік өсімге) оралу күтіледі. Дамып келе жатқан нарықтар мен дамушы елдердегі өсім, күтіліп отырғандай, 2017 жылы жалғасатын болады", — делінген баяндамада. 

2019 жылы дүниежүзілік ЖІӨ-нің өсімі, Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, 2,9%-ды құрайды. 2016 жылы әлемдік ЖІӨ 2,3%-ға, яғни 1 пайыздық пунктіге өсті. Бұл банктің маусымдағы болжамынан төмен. 

Дүниежүзілік банктің атап өтуінше, өткен жыл әлемдік экономикада ең ауыр жылдардың бірі болған. 


Басты тақырыптар