Экономика

Елбасы энергетикадағы серпілісті күтеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде өткен саммитте таза энергия мен "жасыл" технологиялар туралы баяндама жасады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде өткен саммитте таза энергия мен жасыл технологиялар туралы баяндама жасады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде өткен саммитте таза энергия мен "жасыл" технологиялар туралы баяндама жасады

АСТАНА, 16 қаң — Sputnik. Қазақстан Президенті Х Дүниежүзілік "Болашақтың энергиясы" саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Таза энергия дипломатиясы

Мемлекет басшысы саммит саясаткерлердің, ғалымдар мен сарапшылардың энергетика саласында және энергияны үнемдеу ісінде таза технологияларды дамытуға ықпал ету бағытында жүріп жатқан жаһандық диалогының маңызды бөлігіне айналғанын айтты.

"Сарапшылар оны қазірдің өзінде "таза энергияның дипломатиясы" деп атауда. Бұл әсіресе жаңа Климат жөніндегі Париж келісімі ауқымында жұмыс жүргізіліп жатқан кезде ерекше маңызды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті 2015 жылы жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігіне жұмсалған инвестицияның мұнай-газ саласына салынған инвестициямен алғаш рет теңескеніне назар аударды. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Араб Әмірліктерінің іскер топтар өкілдерімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Елбасы Эмираттық компанияларды жекешелендіруге қатысуға шақырды

Мемлекет басшысы бүгінде ешбір ел "қазірше дами бер, экологиямен кейін айналысамыз" деген формуламен өмір сүре алмайтынына тоқталып, планетаның энергетикалық-экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сценарий қажет екеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасыр энергетика саласындағы серпінді шешімдер дәуірі болуы қажет екенін айтып, бұл тек энергетика саласының даму векторын ғана емес, планетамыздың алдағы мыңдаған жылдардағы тағдырын анықтайтын кезең болуға тиіс екенін атап өтті.

"Ресурсқа бай кейбір мемлекеттер өкілдері өз энергетикалық саясатының салдары туралы ойлана бермейді. Басқа елдерде бұл саясат өз ресурстарын сақтап қалып, үшінші елдерге экономикалық энергетикалық экспансия жасауға негізделген", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы саммит жұмысы ұлттық "таза" энергетикалық саясаттың әзірленуі мен белсенді түрде енгізілуіне себепші боларына сенім білдіріп, энергияның жаңа көздерінен пайда таба білу қажет екенін жеткізді.

"Бұрын тек дамыған елдердің ғана одан пайда табуға мүмкіндігі бар еді. Олар жаңа энергия саласындағы  технологиялар бойынша білім мен техникалық тәжірибе жинақтай алды. Қазір дамушы елдер үшін осы үдеріске қосылуға ең қолайлы уақыт туып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Энергетикалық трендтердің әртүрлі салаларға ықпалы 

"Қазіргі таңда электромобильдер кең танылып, қолжетімділікке ие болып келеді. Әлемнің көптеген мегаполистері қоғамдық таза көлікке көшіп жатыр", – деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев саммитке қатысушыларды еліміздің былтыр электромобиль шығаратын өз өндірісін бастағанын және оны келешекте кеңейте түсуге, сондай-ақ электрлі автобустар шығаруды қолға алуға ниетті екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті жаңартылатын энергия ұраны арқылы әлем елдерінің көбінің басын біріктіре алған Халықаралық жаңартылатын энергия көздері жөніндегі агенттіктің қызметіне тоқталды, сондай-ақ энергияның таза көздерін қаржыландыру ісінде "жасыл" қаржы маңызды рөл атқаруға тиіс екенін айтты. 

Уран кәсіпорыны - Sputnik Қазақстан
Экономика
Шикізат бағасын ұстап тұру үшін Қазақстан уран өндіруді 10%-ға қысқартады

"Жасыл» облигациялар нарығы соңғы жылдары шарықтап, 70 миллиард долларға дейін жетті. Бұл осыдан үш жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 6 есе көп. Аталған бағалы қағаздар жаңартылатын энергетика үшін зор синергетикалық нәтиже бере алады", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетика мен қоршаған ортаны қорғау ісі ядролық әскери бағдарламалардан бас тартумен байланысты болуға тиіс екенін атап өтті.

"Қазақстан "Әлем. XXI ғасыр" манифесінде заманның ең күрделі проблемаларын шешу жолдарына қатысты өз көзқарасын ұсынды. Еліміз тәуелсіздігін алған күннен бастап ядросыз бейбіт қатар өмір сүру жоспарын ілгерілетіп келеді. Біз атом қаруының қуаттылығы жөнінен әлемдегі төртінші арсеналдан бас тарттық", – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбіт атомды қолданудың жақтаушысы екеніне назар аударып, 2015 жылы МАГАТЭ біздің ел аумағында Төмен байытылған ядролық отын банкін құру туралы шешім қабылдағанын еске салды.

"Банк бейбіт атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған. Бүгінде уранға балама ретінде торийді қолдану жайы қызу зерттелуде. Осыған байланысты атом саласының тиімділігі айтарлықтай арта түсуі мүмкін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ЭКСПО-2017

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті биыл еліміздің астанасы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізетінін, көрме аяқталған соң оның инфрақұрылымы базасында жаңа "Астана" халықаралық қаржы орталығы орналасатын атап өтті. 

EXPO-2017, сфера - Sputnik Қазақстан
Экономика
ЭКСПО-2017: көрмеге БҰҰ-ның 7 ұйымы қатысады

"Біз Дубай қаржы орталығымен келіссөз жүргіздік. Олардың тәжірибесін Қазақстанда қолдану жөнінде уағдаластық", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде "ЭКСПО-2017" көрмесінің базасында БҰҰ-ның қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құруды ұсынғанын айтты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Жасыл технологияларды дамыту жөніндегі орталықтың бірлескен қызметі аймақтағы "жасыл" облигациялар мен ислам қаржы саласының дамуына серпін беруге тиіс.

Қазақстан Президенті таза энергетиканы дамыту саласындағы бастамалар ынтымақтастық үшін берік негіз бола алатынын атап өтті.

"Саммит мемлекеттер мен бизнестің осы саладағы өзара әрекеттестігінің жаңа формаларын бастап беруі қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев талқыланған мәселелер бойынша пайдалы пікірталас өтіп, ұтымды ұсыныстар айтылуына тілектестік білдірді, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылуының 45 жылдығымен құттықтады.

© Photo : Ақорданың ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев энергия саласындағы халықаралық сыйлықты тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаев энергия саласындағы халықаралық сыйлықты тапсырды  - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев энергия саласындағы халықаралық сыйлықты тапсырды
Жаңалықтар
0