Экономика

Халық банкі мен Қазком мәміле туралы алдын ала талқылаудың басталғанын мәлімдеді

© Public Domainқол алысу
қол алысу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазкоммерцбанк" пен Халық банкі әлеуетті мәміле бойынша келіссөздердің басталғаны туралы алғашқы ресми хабарлама жариялады

АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. Қазақстан Халық Банкі Қазкоммерцбанкпен әлеуетті мәміле бойынша алдын ала талқылануына енгендігі туралы хабарлама жариялады, деп хабарлайды Халық банкінің баспасөз қызметі. 

Бұдан бұрын Рейтер агенттігі дереккөзге сілтеме жасай отырып,  Қазақстандағы екі ірі банк "Қазкоммерцбанк" пен Халық банкі бірігуді талқылап жатыр деп хабарлаған. 

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Халық Банкі) "Қазкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі – ҚКБ) және ҚКБ-ның мажоритарлық акционері арасындағы әлеуетті мәміле бойынша алдын ала талқылануына енгендігін мәлімдейді", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта келісім өткен жағдайдың өзінде әлеуетті мәміленің шарттары жайлы айту әлі ерте, деп атап өтті банкте. 

"Халық Банкі халықаралық стандарттарға сәйкес коммерциялық әділ шарттармен өткізілуін және мәміле Халық Банкі акционерлерін және де басқада мүдделілерді ескеру қағидаларын ұстануын қарастырады", — деп толықтырды баспасөз қызметінде.


Жаңалықтар
0