Экономика

Бішкекте ЕАЭО саммиті ашылды

© Sputnik / Таалайбек ОроскуловЕуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің президенттері қатысуда

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды. Іс-шара Қырғызстанның ЕАЭО органдарына төрағалық етуі аясында өтіп жатыр деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Еуразиялық экономикалық одақ - Sputnik Қазақстан
Экономика
ЕАЭО елдерінің үкіметі бірыңғай Кедендік кодексті қабылдады

Оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің президенттері қатысуда: Армения президенті — Серж Саргсян, Беларусь президенті — Александр Лукашенко, Қазақстан президенті — Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті — Алмазбек Атамбаев және Ресей президенті — Владимир Путин.

Қырғызстан мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев отырыстың ашылуында сөйлеген сөзінде "баршаңыз Қырғыз еліне хош келдіңіздер" деп, ЕАЭО органдарына Қырғызстанның төрағалық етуін қолдағаны үшін алғысын білдірді.

"Әлбетте, сіздер біз ұсынатын басымдықтармен таныстыңыздар. Бүгін күн тәртібінде бірқатар мәселе бар. Бірігіп өнімді әрі тиімді еңбек етеміз деп үміттенемін. Отырысты ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер", — деді Атамбаев.

Жаңалықтар
0