23:10 26 Маусым 2017
Тікелей эфир
Қашаған

Қазақстан мұнай алу көлемін қысқарту туралы ОПЕК келісімін бұзды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Экономика
Қысқа сілтеме алу
7810

Былтыр желтоқсанда Қазақстан өзге де мұнай өндіруші елдермен қатар мұнай алу көлемін қысқартуға уәде берген болатын

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Қазақстан мұнай алу көлемін тәулігіне 20 мың баррелге қысқарту бойынша міндеттерін бұзды, мұнай алу көлемі, керісінше, тәулігіне 80 мың баррелге жуық өскен делінген Халықаралық энергетикалық агенттіктің наурыз айындағы есебінде.

Соңғы ресми деректер бойынша, Қазақстан қаңтар-ақпан айларында мұнай және конденсат алу көлемін 40 мыңға өсіріп, тәулігіне 1,7 миллион баррелге дейін жеткізген.

Мұнай алу көлемінің өсуі негізінен Қашағанға байланысты болып отыр. Қашаған кен орнын іске қосқалы бері бес айдың ішінде мұнай шығару көлемі тәулігіне 170 мың баррелге жеткен. Сонымен бірге, Теңіздегі мұнай алу көлемі де ұлғайды. Соңғы өсімдерді ескерер болсақ, Қазақстандағы мұнай шығарудың жалпы көлемі ақпан айында тәулігіне 1,8 миллион баррель болыпты, бұл қазан айындағы көрсеткіштен 78 мың баррелге артық.

"Қазақстан өндірісті тәулігіне 20 мың баррелге қысқартамыз деп уәде берген болатын, бірақ бұл шектеу Қашаған, Теңіз және Қарашығанақтағы өндірістерге әсер етпейді деген еді", — деп атап өтілген есепте.

Ал Қазақстанның энергетика министрлігі берген мәлімет бойынша, биыл қаңтар айында Астана мұнай алу көлемін тәулігіне 30 мың баррелге қысқартып, міндеттерін артығымен орындаған.

Басты тақырыптар